Бурабайда суға тұншыға жаздаған елік лағы құтқарылды

28.05.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жоспарлы рейд кезінде ұлттық парк инспекторлары Ақылбай орманшылығының мамандарымен бірге патрульдеу жұмыстарын жүргізген. Сол сәтте олар Ақылбай ауылы жағынан Көкше тауы маңындағы Шие сай бағытына қарай жүзіп бара жатқан ұрғашы елікті байқайды.

Мамандардың айтуынша, жабайы жануарлардың су айдындарын жүзіп өтуі қалыпты құбылыс болғандықтан, бастапқыда бұл жағдай алаңдаушылық тудырмаған. Алайда инспекторлар жануарды бақылауды жалғастырған.

«Бурабай» ұлттық паркінің аумағынан 263 текше метр қоқыс шығарылды

Екі сағаттан астам уақыт өткен соң еліктің әлсіреп, су бетінде әрең қозғалып жүргені анықталған. Сол кезде парк қызметкерлері жануардың өздігінен жағаға жете алмайтынын түсінген.

«Біз моторлы қайықпен дереу жетіп, елікті судан шығарып алдық. Уақытылы көмек көрсетіп, жағаға жеткіздік», дейді жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің инженер-ихтиологы Сергей Кучеренко.

Құтқарылған жануар біраз тынығып алған соң орманға қарай жүгіріп кеткен.

Мамандардың бағалауынша, бұл шамамен екі жастағы жас ұрғашы елік болған. Оның ұзақ қашықтыққа жүзуге тәжірибесінің аздығы мен физикалық төзімінің жетіспеуі әлсіреуіне себеп болуы мүмкін.

Киіктер жаппай қырылып жатыр: Министрлік мәлімдеме жасады

Ұлттық парк өкілдері мұндай жағдайлар табиғатты тұрақты бақылау мен рейдтік жұмыстардың маңызын көрсететінін айтады. Инспекторлар жабайы жануарларға қауіп төнген жағдайда жедел әрекет етуге әрдайым дайын екенін атап өтті.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью