Burabay Ice 2026 жарысына 11 елдің желаяғы қатысады

13.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. 14 ақпанда "Бурабай" ұлттық паркінің аумағында дәстүрлі қалың мұз айдынында жүгіруден Burabay Ice 2026 жарысы өтеді, деп хабарлады "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы.

Қысқы маусымдағы бұл халықаралық фестиваль биылғы жылға арналған іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.

"Биыл жарыс 1000 астам қатысушыны тоғыстырады. Тіркелгендер қатарында Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен және Франция, Ұлыбритания, Венгрия, Канада, Ресей, Өзбекстан, Италия, Жапония, Жаңа Зеландия, Перу елдерінен туристер бар", - деп жазылған хабарламада.

Мұз айдынында белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойлар да, тәжірибелі спортшылар да жүгіре алады. Жарыс бірнеше қашықтық бойынша өтеді: 7, 14 және 21 шақырым.

Іс-шараны "Экстремальная Атлетика" ҚБ ұйымдастырады және жүгіру бағыты Бурабай көлінің тегіс мұз айдынында, биіктік айырмашылығы минималды жағдайда өтеді.

Комапния мәліметінше, бұл іс-шара Бурабай курортының көркем табиғатында демалыс күндерін өткізуге мүмкіндік беріп, өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал етеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью