Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Италия үкіметі мектептерге арналған жаңа ережелер әзірлеп жатыр. Премьер-министр Джорджа Мелони мектептерде бурка мен никаб киюге тыйым салуды, бір сыныптағы шетелдік оқушылар санын шектеуді және кей ата-аналар үшін итальян тілін міндетті түрде үйренуді қарастыратын заңды жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Италия мектептерінде не өзгереді?
Мелони жоспарланған шаралар туралы 20 қыркүйекте Римде өткен өзінің "Италия ағайындылары" партиясы жастар қанатының фестивалінде мәлімдеді. Оның айтуынша, тиісті құжат жақын арада Италия Министрлер кеңесінің қарауына ұсынылуы тиіс.
Ұсыныстардың бірі - мектептерде бетті толық немесе жартылай жауып тұратын бурка мен никаб киюге тыйым салу.
"Италиялық балалар сыныпта өздерін жайсыз сезінбеуі керек. Италиялық сыныпта италиялық балалардың азшылыққа айналып, шеттетіліп қалғанын сезінуіне жол берілмейді. Бұлай болуы мүмкін емес", - деп келтіреді оның сөзін Corriere della Sera басылымы.
"Мектепке ашық жүзбен келу керек. Италияда ешкім жас әйелдің шынайы немесе ойдан шығарылған дәстүрге бола өзін жасырып жүруі керектігі туралы шешім қабылдай алмайды", - деп толықтырды Мелони.
Шетелдік оқушылар санын шектемекЕкінші мәселе сыныптардың құрамына қатысты. Италия үкіметі бір сыныптағы шетелдік оқушылардың ең көп санын заңмен белгілеуді ниет етіп отыр.
Мелони әзірге нақты көрсеткішті атаған жоқ. Сонымен қатар Италияда сыныптағы шетелдік оқушылардың үлесі әдетте 30 пайыздан аспауы тиіс деген ереже бар, алайда іс жүзінде бұл шектеуден ауытқу мүмкіндігі мен ерекше жағдайлар қарастырылған.
БАҚ мәліметінше, қазіргі уақытта италиялық мектеп оқушыларының шамамен 11,6 пайызының Италия азаматтығы жоқ.
Сонымен қатар үкімет мектеп жүйесіне бейімделуде қиындық көріп жүрген шетелдік оқушылардың ата-аналарына итальян тілін үйренуді міндеттеуді ұсынып отыр.
Еске сала кетейік, Қазақстанда 2025 жылдың шілдесінен бастап қоғамдық орындарда бетті толық жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заң күшіне енді. Полиция атап өткендей, түзетулердің мақсаты қарапайым: қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету. Қажет болған жағдайда, соның ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен адамның кім екенін тез анықтау мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл ретте тәртіп сақшылары бұл діни сенім бостандығы құқығын шектеу емес екенін баса айтады.
ӘҚБтК-нің 434-3 бабына сәйкес, алғашқы құқық бұзушылық үшін ескерту жасалады. Бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда 10 АЕК (2027 жылы 43 250 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу