Бұрқасын қар мен көктайғақ: ТЖМ Қазақстан бойынша дауылды ескерту жариялады

06.11.2025

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Астана қаласында кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Жолдарда көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. Алматыда да дәл осындай жағдай.

Ақмола облысында қар, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с.

06 қарашада түнде Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың оңүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.

Павлодар облысында күндіз қар күтіледі, облыстың батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және тәңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Жаяу бұрқасын, қөқтайғақ. Облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.

06 қарашада түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Жетісу облысының таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, Алкөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.

06 қарашада Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі.

Бұған дейін Алматыда бір тәуліктегі жауын-шашын қарашаның айлық нормасының жартысына жеткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью