Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ тілінің тазалығы туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол соңғы уақытта күнделікті қолданыста жиілеп кеткен кейбір діни сөз тіркестеріне қатысты өз ойын ашық жеткізген. Продюсердің айтуынша, қазақ тілі – бай әрі өзін-өзі толық қамтамасыз ете алатын тіл.
«Бұрын біз “МашАлла”, “Әлхамдулилла” деген сөздерсіз қалай өмір сүрдік? Қазақ тілі бай әрі өзін-өзі толық қамтитын тіл, мұндай сөздерсіз де болады ғой?» – деп жазды Баян Мақсатқызы.
Оның бұл пікірі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі көзқарас тудырды. Бірі продюсердің пікірін қолдаса, енді бірі бұл сөздердің рухани мәні мен маңызын алға тартты.