Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
«Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды ескере отырып, бизнес субъектілерінің саны 2,9 млн-ға жетті және жыл басынан бері тағы 499 мыңнан аса субъектіге артты. Қосылған құн салығын төлеушілердің саны 22,3 мыңға өсіп, 158,2 мың төлеушіге жетті. Ол салық реформасын тек фискалдық құрал ретінде ғана емес, сол сияқты экономикалық белсенділікті көлеңкеден шығару тетігі ретінде де қарау қажеттігін көрсетіп отыр», деп атап өтті Ержан Біржанов.
Салық төлеудегі тың тәсіл
Сонымен қатар есепті кезеңде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары қаржыландырылды. Сондай-ақ әлеуметтік саладағы бюджет қаражатын бақылауды цифрландыру жұмыстары жалғастырылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік және жекеменшік мектептердің 78%-ы цифрландырылды, ал Qalqan бірыңғай порталына МСӘҚ қаржыландыратын медициналық ұйымдардың 100%-ы қосылды.
Табысын жасырып, тасада жүргендер салықтың салмағын сезіне бастады
Айта кетейік, бұған дейін ел тұрғындары кейбір табыс салығынан босатылуы мүмкін екенін хабарлаған едік.