Бұрынғы әділет министрі Азамат Есқараев Президент Әкімшілігінде бөлім басшысы болды

05.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Азамат Есқараев Президент Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының өкімімен Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлығымен Азамат Есқараев Қазақстанның Үндістандағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы, Непалдағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью