Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Америкалық кәсіпкер Илон Масктің дәулеті енді триллион доллардан аспайды. Оның компанияларының акциялары арзандағаннан кейін, Масктің байлығы жүз миллиард доллардан аса сомаға күрт азайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Маск бұл жағдайын X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде жазба жариялап, көпшілік алдында мойындады.
Жазбасында ол өзін "бұрынғы триллионер" деп атады.
Осы уақытқа дейін Масктің жазбасы шамамен 25 миллион қаралым жинаған.
(Бұрынғы) триллионер
— Elon Musk (@elonmusk) 2026 жылғы 24 шілде
Еске салайық, жаздың басында Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанды. Бұл оған тиесілі SpaceX компаниясының IPO-сынан кейін мүмкін болды. Forbes мәліметінше, IPO-ға дейін Масктің SpaceX-тегі шамамен 42 пайыз болатын үлесі 500 миллиард долларға бағаланған. Акцияларды орналастырғаннан кейін бұл үлестің құны шамамен 690 миллиард долларға дейін өсіп, кәсіпкердің жалпы байлығы триллион доллардан асты.
Алайда Маск бұл мәртебені ұзақ сақтай алмады. Екі аптаға жетер-жетпес уақыт ішінде оның байлығы 118 миллиард долларға азайып, 957 миллиард доллар болды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу