Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент әкімшілігіндегі екі бөлімнің меңгерушісін жаңадан тағайындады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды. Айта кетеік, ол 2024 жылы 6 ақпанда Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалып, сол жылы 21 желтоқсанда қызметінен кеткен болатын.
Сондай-ақ Президенттің өкімімен Жандос Бақытбекұлы Иманалиев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.