Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы БҰҰ жанындағы Әзербайжанның Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы Шахрияр Гаджиев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясының Үшінші комитеті отырысында қазіргі заманғы нәсілшілдік түрлері жөніндегі арнайы баяндаушымен өткен интерактивті диалог барысында мәлімдеді.
Ол мәдени көптүрлілікті ілгерілету және қорғау, сондай-ақ әртүрлі мәдениеттер арасындағы өзара түсіністік пен байланыс орнату бағытындағы күш-жігер нәсілшілдікке, нәсілдік кемсітушілікке, ксенофобияға және оларға байланысты төзімсіздікке қарсы күресте маңызды рөл атқара алатынын айтты.
Дипломат мемлекеттер нәсілдік кемсітушілікті насихаттайтын және оған арандататын ұйымдарды ашық түрде айыптап, тыйым салуы тиіс екенін атап өтті.
— Әзербайжан өз аумағында тұратын барлық адамдардың нәсіліне, терісінің түсіне, шығу тегіне, ұлттық немесе этникалық тиесілігіне қарамастан олардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғауға бейілді және нәсілдік кемсітушіліктің барлық түрі мен көріністерін жоюға бағытталған ұлттық және жаһандық деңгейдегі күш-жігерін жалғастыра береді, — деді Ш. Гаджиев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде адамды ұлтына, тіліне, дініне қарай кемсіту ешқашан болмағанын айтты.