БҰҰ Бас хатшысы АҚШ, Израиль және Иранды қақтығысты тоқтатуға шақырды

26.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Оның айтуынша, ол «аймақтың және бүкіл әлемнің көптеген өкілдерімен» тығыз байланыста жұмыс істеп отыр.

– Қазіргі уақытта диалог пен бейбітшілікке бағытталған бірқатар бастамалар жүзеге асырылып жатыр. Олар нәтижелі болуы тиіс. Мен жуырда Жан Арноны БҰҰ-ның қақтығысты және оның салдарын реттеу жөніндегі күш-жігерін үйлестіру үшін жеке өкілім етіп тағайындадым, – деді Гутерриш.

Ол қақтығыстың ушығуын тоқтатып, дипломатиялық келіссөздерді бастау уақыты келгенін атап өтті.

– Менің АҚШ пен Израильге айтарым – соғысты тоқтататын уақыт келді. Ал Иранға жолдауым – көршілеріңізге шабуыл жасауды тоқтатыңыздар, – деді БҰҰ басшысы.

Сондай-ақ Гутерриш Ормуз бұғазында кеме қатынасы еркіндігін сақтау қажеттігін айтты. Оның пайымдауынша, бұл бұғаздың ұзақ уақытқа жабылуы жаһандық егіс науқаны басталған маңызды кезеңде мұнай, газ және тыңайтқыш жеткізілімдерін тоқырауға ұшыратады.

Дағдарыстың салдарын тек аймақ тұрғындары ғана емес, одан тыс жердегі халық та сезініп отыр.

– Мен бұл салдардың бір бөлігін Ливанға жасаған соңғы сапарым кезінде өз көзіммен көрдім. Ол жақта да соғыс тоқтауы тиіс. «Хезболла» Израильге соққы жасауды доғаруы керек. Ал Израиль Ливанға қарсы әскери операциялары мен соққыларын тоқтатуы тиіс, өйткені ең көп зардап шегетін – бейбіт тұрғындар, – деді ол.

Гутерриштің айтуынша, БҰҰ соғыстың салдарын азайту үшін бар күшін салып жатыр, алайда қазіргі таңда гуманитарлық операцияларды жүргізу қиынға соғып отыр.

– Бізге бұл апаттан шығудың жолы қажет. Ендігі шешім дипломатияда. Шешім – халықаралық құқықты толық сақтап отыр. Шешім – бейбітшілікте, – деп ойын түйіндеді ол.

Еске сала кетсек, жуырда Еуроодақ көшбасшылары БҰҰ Бас хатшысымен кездесті.

Сондай-ақ бұған дейін БҰҰ басшылығы Ормуз бұғазымен өтетін гуманитарлық жүктер қауіпсіз жеткізілуге тиіс екенін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью