Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
- Бас хатшы бейбіт тұрғындардың қаза табуын қатаң айыптайды және азаматтық халық арасындағы құрбандар санының артуына қатты алаңдаулы», – деді Стефан Дюжаррик.
Қолда бар мәліметтерге сәйкес, соққылар салдарынан жүздеген бейбіт тұрғын қаза тапқан немесе жараланған, олардың арасында балалар да бар.
Оның айтуынша, Ливанда болып жатқан әскери әрекеттер АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату режиміне және өңірде ұзақ мерзімді әрі жан-жақты бейбітшілік орнату бағытындағы күш-жігерге елеулі қауіп төндіреді.
-Бас хатшы барлық тарапты ұрыс қимылдарын дереу тоқтатуға тағы да шақырады, – деді ол.
Сонымен қатар халықаралық құқықтың қатаң сақталуы қажеттігін атап өтіп, бейбіт тұрғындар мен азаматтық нысандар әрдайым қорғалуға тиіс екенін, оларға жасалған кез келген шабуылға жол берілмейтінін жеткізді.
Қақтығыстың әскери шешімі жоқ екенін атап өткен Стефан Дюжаррик Антониу Гутерриштің барлық тарапты дипломатиялық арналарды пайдалануға және Қауіпсіздік кеңесінің 1701-қарарын толық орындау жөніндегі міндеттемелерін қайта жаңғыртуға шақырып отырғанын айтты.
Осыған дейін Иран Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан соң Ормуз бұғазын қайта жапқан болатын.
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Иранның кері мәлімдемелеріне қарамастан, АҚШ Ливанның атысты тоқтату келісіміне қосылатынына ешқашан уәде бермегенін мәлімдеді.