Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені БҰҰ-ға мүше 193 елдің тек 51-і қолдады. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро мәлімдеді.
"Биыл бұл декларацияға 51 ел қол қойды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11 елге көп", – деді ол БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы алдында.
Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ресми түрде ашылды. Жалпы пікірталастар 22-26 қыркүйек және 28 қыркүйек күндері өтеді.
РИА Новости бұған дейін БҰҰ-дағы аталған мәлімдемеге АҚШ қосылмағанын хабарлаған болатын.