БҰҰ мен Қазақстан өзара ынтымақтастықтың екінші кезеңіне өтті Джерен Гюрес

24.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мәдениет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында тараптар гендерлік теңдік, әйелдер құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, отбасы институтын нығайту және әйелдер мен балалар құқығын қорғау салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен болашағын талқылады.

Фото: ҚР Мәдениет министрлігі

Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға, оның ішінде жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша алдағы республикалық референдумға ерекше назар аударылды. Аида Балаева Ата заң жобасында отбасы институтын нығайту, әйелдер мен ерлер үшін тең мүмкіндік жасау, сондай-ақ ана, әке және балаларды қорғау нормалары қарастырылғанын атап өтті.

Фото: ҚР Мәдениет министрлігі

- Конституцияда алғаш рет дәстүрлі отбасы институтын қолдау мақсатында неке тең құқықты ер мен әйел одағы ретінде айқын бекітілмек. Бұл дәстүрлі отбасылық құндылықтарды нығайтуға әсер етеді. Қазақстан үшін бұл мәселе аса маңызды. Әңгіме тек мәдени және тарихи дәстүрлерді сақтау туралы ғана емес, сонымен бірге кең ауқымды саяси және экономикалық аспектілер жайында болып отыр. Еліміздің аумағы кең, ал халық тығыздығы төмен болғандықтан, отбасы институтын нығайту мемлекеттің тұрақты дамуына тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Аида Балаева.

Жиында Джерен Гювен Гюрес елдегі гендерлік саясат саласындағы оң өзгерістерге тоқталды.

Оның айтуынша, қазіргі кезде БҰҰ мен Қазақстан өзара ынтымақтастықтың екінші кезеңіне өтті. Сондай-ақ кездесуде «БҰҰ-Әйелдер» сарапшыларын осы жұмысқа тарту мәселесі де сөз етілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар гендерлік саясат пен тұрақты даму салаларында нақты нәтиже күтілетін жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Осыан дейін әлем және Қазақстан саясатындағы әйелдердің рөлі туралы жаздық.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью