БҰҰ Ормуз бұғазы арқылы гуманитарлық жүктерді қауіпсіз өткізуге шақырды

14.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

— Гуманитарлық көмек ісінде іркіліс көп, ілгерілеу жоқ. Бағыттар жабылып, шығын артқан кезде, көмек көлемі сөзсіз қысқарады және осының салдарынан ең алдымен оған ең қатты мұқтаж адамдар зардап шегеді, — делінген Том Флетчер мәлімдемесінде.

— Сондықтан менің қақтығыс тараптарына және оларға ықпал ете алатындардың барлығына үндеуім қарапайым: гуманитарлық жүктер Ормуз бұғазы арқылы еш кедергісіз әрі қауіпсіз өтуі тиіс, — деп атап өтті ол.

Флетчер қақтығыстың шегі Таяу Шығыс аймағынан әлдеқайда асып түсіп, әлемдік нарықтарға, теңіз тасымалына және азық-түлік бағасына әсер етіп жатқанын айтты.

— Бұл адамдарды құтқару жөніндегі жұмысымызға орасан зор кесірін тигізеді. Миллиондаған адамның жағдайы қауіпке тігіліп тұр, — деді ол. 

Жанармай бағасының күрт өсуі қазірдің өзінде бүкіл әлем бойынша теңіз тасымалы құнының қымбаттауына әкелді. Сонымен қатар әуе қатынасы мен теңіз қатынасындағы іркілістер гуманитарлық қызметкерлердің қозғалысын және жүктердің жеткізілуін баяулатып жатыр. Соның салдарынан өмірлік маңызды ресурстарды жеткізу алты айға дейін кешігуі мүмкін.

United Nations дерегінше, Тегеран іс жүзінде стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазын 1 наурыздан бастап жапқан.

Айта кетейік, Ормуз бұғазындағы жүк тасымалы 90%-ға төмендегені белгілі болды. Ал бұғаздың жабылуынан мұнай нарығын не күтіп тұрғанын мына жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью