Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Пандемия кезеңінде басталған бұл әлеуметтік бастама бүгінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдаланатын кешенді жүйеге айналды.
Жоба авторларының айтуынша, бағдарламалық өнімнің ашық бастапқы кодқа (open-source) ауыстырылуы оны әлемнің кез келген елінде инклюзияны дамыту үшін қолдануға мүмкіндік береді.
— Қазіргі таңда технологиялар дамып жатыр. Біз тек мобильді қосымшамен шектелмей, жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Басты мақсат — ерекше балалардың даму ерекшеліктері туралы ауқымды деректер жиынтығын қалыптастыру. Бұл ертеңгі күні мұғалімдер мен мамандарға баланың қажеттілігін дәл анықтап, жеке даму жоспарын сауатты құруға көмектеседі, — дейді жоба үйлестірушілері Әсем Тәжиева.
Бұл бастама Nazarbayev University жанындағы NU Impact Foundation тарапынан қолдау тауып, төрт жыл ішінде өзін-өзі ақтайтын деңгейге жеткен. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жобалар ерекше баласы бар отбасылардың әлеуметтік оқшаулануына жол бермейді.
Айта кетейік, бұған дейін инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда қандай кедергілер барын жазған едік.