БҰҰ қаржы тапшылығына ұшырады

09.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Біріккен Ұлттар Ұйымы қаржы тапшылығына ұшырады. Енді халықаралық құрылым 2026 жылға арналған гуманитарлық көмек көлемін қысқартады.

Өткен жылдың өзінде ұйым 47 миллиард доллар сұрағанымен, оның тек 12 миллиарды жиналған еді. Бұл кейінгі 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Қаржының басым бөлігі Газа секторы, Судан мен Сирия халқына бағытталған.

Қазір қақтығыс аймақтарындағы қауіпсіздік жағдайының нашарлауы мен көмекке қолжетімділіктің шектелуі қиындық туғызып отыр. Ал ең ірі донор –АҚШ енді ұйымға қаражат аударуды тоқтатып, реформалар жүргізуге ниетті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью