24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ертең БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шұғыл бас қосады. Бұған АҚШ-тың Венесуэлада жүргізген әскери операциясы себеп. Халықаралық қауымдастық оңтүстік америкалық елдегі тұрақсыз ахуалға алаңдаулы.
Еске салайық, Құрама Штаттардың қарулы күштері, Каракасқа басып кіріп, Николас Мадуро мен оның әйелін тұтқындап, бүгін Нью-Йорктегі есірткімен қарсы күрес жөніндегі басқарма ғимаратына жеткізді. Кейінгі мәләметке қарағанда, Мадуроға қатысты сот 5 қаңтарда өтуі мүмкін. Ол есірткі саудасымен айналысты деп айыпталып отыр. Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір Венесуэлада уақытша президент тағайындалды. Мемлекет басшысы міндетін атқару вице-президент Делси Родригеске тапсырылды. Тиісті шешімді Венесуэла Жоғарғы соты қабылдады.