Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі дүйсенбі, 27 шілдеде, органның кестесіне сәйкес Украина бойынша отырыс өткізеді, деп хабарлады РИА Новости.
Отырыс сағат Астана уақыты бойынша сағат 12:00-ге жоспарланған. Тақырыбы - "Украинада бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау".
Кеңес отырысын Украина тарапы сұрады.
Бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы 2026 жылдың 9 шілдесінде шұғыл шақыртылған болатын.
Бұдан бөлек, 2026 жылдың 8 маусымында Украина тарапының сұрауы бойынша да БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өткізілді.