БҰҰ штаб пәтерінде Наурыз мейрамы тойланды

21.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өз сөзінде Наурыздың өңір елдерінің мәдени мұрасының ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, оның жаңару, тату көршілік және бірлік құндылықтарын бейнелейтінін жеткізді. Қазіргі жаһандық сын-қатерлер жағдайында бұл мерекенің маңызы арта түсіп, диалогты, өзара түсіністікті және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететіні аталып өтті.

Фото: СІМ

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылғы 15 наурызда Қазақстанда өткен республикалық референдумға тоқталып, оның елдің саяси жаңғыруға және демократиялық институттарды нығайтуға бейілділігін айқындайтын маңызды кезең болғанын айтты. Аталған референдум, Наурыз мейрамы секілді, жаңару, ілгерілеу және неғұрлым әділетті әрі инклюзивті қоғам құруға ұмтылыстың символы екені атап өтілді.

Фото: СІМ

Іс-шараның мәдени бағдарламасы аясында еліміз «Әлқисса» балалар фольклорлық ансамблінің «Алтын адам» атты музыкалық-театрландырылған қойылымымен таныстырылды.

Бұдан бөлек, Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениеті мен ұлттық мұрасын кеңінен таныстырған көрме ұйымдастырылып, онда ұлттық қолөнер бұйымдары мен дәстүрлі музыкалық аспаптар ұсынылды.

Осыдан бұрын елордада өзге этнос өкілдері Наурыз мерекесін тойлағанын жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью