Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Cирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараға салынған санкциялар күшін жойды.
БҰҰ елдің ішкі істер министрі Анас Хасанға қатысты да осындай шешім қабылдады. Рейтер агенттігінің мәліметі бойынша, Қауіпсіздік кеңесіне мүше 15 елдің тек біреуі қалыс қалды. Бұл Қытай. Қалғандары қолдап, дауыс берген. Яғни Сирияның біртұтастығы мен егемендігін мойындап, оны құжатпен бекітті. Бұдан бөлек Шам елінің экономикасын дамытуға, тұрақтылығын сақтауға қол ұшын созуға дайын екенін жеткізді. Сирия Президенті 10 қарашада Ақ үй басшысы Дональд Трамппен кездесуі тиіс. Қарар жобасы осы басқосу қарсаңында әзірленіп отыр.