Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. БҰҰ бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға жасалған шабуылдарды қатаң айыптайды, деп хабарлады БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик Луганскідегі жатақханаға жасалған украин шабуылына қатысты.
Ол мұндай әрекеттер халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел айтты және қақтығысты ушықтыруы мүмкін қадамдардан аулақ болуға шақырды.
"Біз бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымға жасалған кез келген шабуылдарды қатты айыптаймыз. Бас хатшы бірнеше рет мәлімдегендей, мұндай шабуылдарға халықаралық гуманитарлық құқық тыйым салады және дереу тоқтатылуы керек. Біз барлық мүдделі тарапты онсыз да қауіпті жағдайдың одан әрі ушығуына әкелуі мүмкін кез келген әрекеттерден бас тартуға шақырамыз", - деді Дюжаррик РИА Новостиге берген мәлімдемесінде.
Еске салайық, Луганск педагогикалық университеті колледжінің оқу ғимараты мен жатақханасына Киев режимі соққы берді. Соққы жасалған кезде онда 14 пен 18 жас аралығындағы 86 бала болған.
Кейінірек төрт адамның қаза болғаны туралы хабарланды. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жарақат алған сегіз адам ауруханада жатыр, үшеуінің жағдайы ауыр. Жарақат алған жиырма тоғыз адамға амбулаториялық көмек көрсетілді.
Ресей Тергеу комитеті бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.