Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: istockphoto.com
Ұйымның мәліметінше, экстремалды ауа райының негізгі екі себебі бар. Эль-Ниньо табиғи құбылысының күшеюі және адамның іс-әрекеті. Әсіресе қазба отынды өндіру мен оны жағуы.
БҰҰ климаттың өзгеруімен күресуге бағытталған жүйелі шаралар қабылданбаса, әлемде құрғақшылық, су тасқыны және жойқын нөсерлер жиілей түсетінін ескертті.
Эль-Ниньо – Тынық мұхитының беткі қабатындағы су температурасы қалыпты деңгейден жоғарылайтын табиғи құбылыс. Ол жаһандық климатқа әсер етіп, түрлі өңірлердегі ауа райының күрт өзгеруіне себеп болады.
Еуропада орман өрті өршіп тұр: Франция, Италия, Испаниядағы ахуал қандай?
Маусым-шілде айларында Еуропаның бірнеше елінде ауқымды орман өрттері тіркелсе, Үндістан, Қытай, Пәкістан және Ауғанстанда болған ірі су тасқындары ондаған адамның өмірін қиды.