БҰҰ Женевадағы Украина бойынша келіссөздердің барысын бақылап отыр

18.02.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 18 ақпан - Sputnik. БҰҰ Женевадағы Украина бойынша келіссөздердің барысын бақылап отыр, деп мәімдеді БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик.

"Біз сонымен қатар АҚШ-тың көмегімен Женевада өтіп жатқан Ресей Федерациясы мен Украина арасындағы келіссөздерді бақылап отырмыз", - деді Дюжаррик.

Ол Бас хатшының кеңсесі қақтығыстың Бас Ассамблеяның қарарларына, халықаралық құқыққа сәйкес және Украинаның аумақтық тұтастығы мен егемендігін толық құрметтей отырып шешілуін қалайтынын жеткізді.

Еске салайық, Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңі 17-18 ақпанда Женевада өтіп жатыр.

Келіссөздерде Ресей делегациясын Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский басқарады. Оның құрамына Ресей Федерациясы сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин, Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков және басқа да лауазымды тұлғалар кірді.

АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Джаред Кушнер де кездесуге қатысып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью