Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
2025 жылы 1600-ден астам оқушы 36 халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлдемен оралды.
Оның ішінде 177 алтын, 329 күміс, 416 қола медаль иегерлері бар. Еліміз сондай-ақ халықаралық STEM-білім беру жүйесі бойынша да көш басында. Ұлттық құрамамыз төрт мәрте әлем чемпионы атанды. Бұған жас дарындарды қаржылай қолдау мөлшерінің артуы себеп. Былтыр байрақты бәсекелерде ел абыройын асқақтатқандарға 100 млн теңгеден астам теңге сыйақы берілді. Биыл халықаралық ғылыми байқау жеңімпаздары да қаржылай марапаттала бастайды. Бұл жастардың зерттеумен айналысуына, түрткі болады деген болжам бар.
2025 жылдың қорытындысы
1 657 оқушы
36 халықаралық олимпиада
922 медаль
177 алтын медаль
329 күміс медаль
416 қола медаль
Қаржылай марапат
2025 жылғы төлем – ₸100 млн