24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Елде жол-көлік оқиғаларына қатысты статистика жаға ұстатады. Былтыр мұндай 36 мыңнан астам дерек тіркелген. Соның салдарынан 2330 адам көз жұмды.
Оның ішінде 285-і – бала.Тағы 50 мыңға жуық жолаушы түрлі жарақат алған. Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ресми мәліметі осындай. Көлік апаттарының көбі елді мекендердің ішінде болған. Одан кейін республикалық маңызға ие трассалар тұр. Ал қалғаны халықаралық, облыстық және аудандық автожолдарда тіркеліп отыр. Жол қауіпсіздігін күшейту үшін салаға жаңа технология, соның ішінде жасанды интеллекті кеңінен енгізіледі.