Былтыр әлеуметтік салаға бюджеттен 9,3 трлн теңге бөлінген

26.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Фото: Ерлан Омар / Egemen.kz

Министр атап өткендей, республикалық бюджет шығыстары 99%-ға орындалып, 25,5 трлн теңгені құрады.

Былтыр республикалық бюджеттің кірістері 21,4 трлн теңгені құрады

«Үкімет тарапынан барлық әлеуметтік міндеттемелер орындалды. Өңірлерді қолдауға 7,7 трлн теңге бағытталған. Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 2025 жылы 50%-ды құрады. Жалпы алғанда бюджет, әлеуметтік бағдарланған болып қала береді», деді ол.

Әлеуметтік салаға 9,3 трлн теңге бөлінді, оның ішінде зейнетақы мен жәрдемақыға – 5,9 трлн теңге, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 2,1 трлн теңге бағытталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан экономикасы 6,5%-ға өскенін хабарлаған едік.  

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью