Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
- Биыл Ішкі істер министрлігінің органдарында «Заң мен тәртіп - қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбы аясында өтеді. Арнайы ведомстволық жоспар әзірленді. Негізгі назар балалардың құқықтарын қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударылады. Осы салада заңнама дамып келеді. Балаларға қатігездікпен қарағаны үшін жауапкершілік күшейтілді.
Профилактика туралы жаңа заң аясында балалардың құқықтарын қорғау бойынша аймақтық өкілетті органдар құрылуда. Зорлық-зомбылық, буллингке ұшыраған балаларға әлеуметтік және психологиялық көмек, тәлімгерлік, отбасылық кеңес беру қарастырылған. Сонымен қатар кешенді іс-шаралар, оның ішінде жедел профилактикалық жұмыстар өткізу көзделген, - деді министр.
Оның дерегінше, өткен жылы түнгі уақытта көшеде қараусыз жүрген 130 мың бала, ойын-сауық орындарында 2 600 бала анықталған. Ата-ана міндетін орындамаған 29 мың заңды өкіл жауапқа тартылған.
- Балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу жұмыс күшейтілді. Балаларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 17 мың жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Мектептердің қасындағы инфрақұрылымды тексердік. Қосымша жаяу жүргінші бағдаршамдары, жасанды кедергілер, жол белгілері мен ақпараттық панолар, қоршаулар, жарықтандырулар орнатылды, - деді Ержан Сәденов.
Айта кетейік, Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын таныстырған еді.