Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Нәтижесінде тәртіпке бағынбағандар 132,7 млн теңге айыппұл арқалаған. Оның 60,2 млн теңгесі өндірілді.
Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ресми ақпаратына сүйенсек, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Атырау қаласында заңсыз карьерлер мен кездейсоқ қоқыс орындарын анықта жобасы шеңберінде басқарма, экология және полиция департамент өкілдерінің қатысуымен рейдтер ұйымдастырылған.
- Тексеру барысында рұқсат құжаттары жоқ жүк көліктерімен қоқыс пен сарқынды су төгу фактілері анықталды. Нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша 471 360 теңге айыппұл салынып, бірқатар азаматқа ескерту жасалды. Полигондардың өртенуі, қалдықтарды уақытылы жинамау, санитариялық талаптардың сақталмауы, жабдықталмаған орындарға қалдық төгу және қалдықтарды басқару кезінде экологиялық талаптардың бұзылуына қатысты болып барлығы 796 230 теңге айыппұл салынды, - деп мәлімдеді басқарма.
Дронмен зерделеу нәтижесінде облыс аумағында 40 заңсыз қоқыс орны белгілі болған. Оның 35-і тазартылған. 5 орын жеке секторға қатысты. Жалпы орындау көрсеткіші – 87%. Атырау қаласында 19 орынның 14-і, Жылыой ауданындағы 13 және Махамбет ауданындағы 7 аумақ толық тазаланған. Мақат ауданында анықталған 1 орын қалпына келтірілген.
Осыған дейін биыл Атырауда экологияның тұрғындарға әсерін ғылыми зерттеу басталаты жөнінде жазған едік.