Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп секторын жан-жақты дамыту мемлекет саясатындағы негізгі басымдық болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коллажды жасаған – Алмас МАНАП, «ЕQ»
Президенттің айтуынша, 7,4 миллион азаматымыздың тұрмыс-тіршілігі, яғни тұрғындардың 36 пайызы және еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі осы саланың өркендеуіне тікелей байланысты.
«Соңғы жылдары бұл салаға бөлінген қаржы көлемі еселеп артты. Атап айтқанда, былтыр шаруаларға жеңілдетілген несие беру үшін 1 триллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне бұрын-соңды дәл осындай орасан зор қолдау көрсетілмеген. Мұны шаруалардың өздері де айтып жүр.
Бірақ өндіріс көлемін ұлғайтумен шектелуге болмайды. Біз заман талабына сай келетін, озық технологияға негізделген аграрлық-индустриялық экономика құруымыз керек. Бұл – аса маңызды міндет. Өнімдеріміз ішкі нарықтың сұранысын толық өтеп, шетелге де тұрақты шығарылуға тиіс.
Былтыр ауыл шаруашылығы саласында 250 өндіріс ашылды. Соның арқасында аймақтар тың серпінмен өсіп-өркендеп, халықтың әл-ауқаты арта түседі», деді Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы: Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, мемлекеттің жүйелі жұмысының нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласына әлемдегі озық компаниялар қызығушылық таныта бастады. Мысалы, шетел инвесторларының атсалысуымен Алматы, Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында шикізатты терең өңдейтін және азық-түлік шығаратын ірі кәсіпорындар іске қосылады.
«Бұл жобаларға 1 миллиард доллардан астам қаражат салынды. Осылайша, ондаған мың адам жұмыспен қамтылады», деді Президент.
Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не деді?
Соңғы жаңалықтар
Президент • Бүгін, 15:22
Атырау тұрғынынан 3,5 метрлік жылан мемлекет кірісіне тәркіленді
Аймақтар • Бүгін, 15:06
Мемлекет басшысы: Аймақтарда мажоритарлық, яғни бір мандатты жүйе сақталады
Президент • Бүгін, 14:56
Президент • Бүгін, 14:52
Тоқаев: Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет
Президент • Бүгін, 14:40
Халықтың сенімін ақтаудан артық абырой жоқ: Мемлекет басшысы мәслихат депутаттарына не деді?
Президент • Бүгін, 14:36
Президент: Мәслихаттар толық цифрлық мемлекет құру мәселесіне белсенді атсалысуы қажет
Президент • Бүгін, 14:24
Атырау облысының үш тұрғыны Ақтөбеде киік ұшасымен ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 14:16
Мемлекет басшысы: Биылдан бастап ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болмақ
Президент • Бүгін, 13:55
Президент: Аймақтар өз бюджетін мұқият жоспарлап, табысын арттыруға баса мән беруге тиіс
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өкілді органдарды күшейту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала береді
Президент • Бүгін, 13:18
«Үздік туристік ауыл – 2026» ұлттық байқауы жарияланды
Туризм • Бүгін, 12:53
Мәскеуде Әлихан Бөкейхановқа бюст орнатылды
Руханият • Бүгін, 12:32
Мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр
Президент • Бүгін, 12:22
Евгений Кошкин «Күміс шар» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:17