Былтыр Өзбекстан Қытайға 773 млн доллардың газын экспорттады

27.01.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

2025 жылы Қытайға көп көлемде газ сатқандардың көшін Ресей бастап тұр. Ресми Мәскеу былтыр Бейжіңге 9,41 млрд доллардың көгілдір отынын жеткізген. Одан кейінгі орындарға Түрікменстан ($8,41 млрд), Мьянма ($1,53 млрд) және Қазақстан ($1,13 млрд) жайғасқан. Бұл ретте Өзбекстан экспорттаушылардың бестігіне енді.

Тоқтала кетсек, 2024 жылы ресми Ташкент Қытайға 627,6 млн доллардың газын жеткізген болатын. Былтыр бұл көлем 19%-ға артып, 773 млн долларға теңелді.

Еске салайық, жыл басынан бері Өзбекстанда сұйытылған газ қымбаттады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда газ өндірісі төмендеп барады. 2025 жылы 10 айда көршілес елде 35,5 млрд текше метр газ өндірілді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,3%-ға аз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью