Былтыр Өзбекстанда 2100 ден астам адам жол апатынан қаза тапты

16.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Тіркелген жол апаттарынан 2 188 адам қаза тауып, 8 901 адам зардап шекті. Бұл ретте, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қайғылы оқиғалар саны 1,5%-ға азайған.

Атап айтқанда, балалардың қатысуымен болған апаттардың саны - 9,6%, одан көз жұмғандардың саны 12,8%-ға кеміді.

Еске салайық, былтыр 9 айда Өзбекстанда жол апатынан 1300-ден астам адам қаза тапты.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 рет ереже бұзған өзбекстандықтар енді көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Бұған қоса, Өзбекстанда автобус жолағына түскен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынуы мүмкін екенін жазып едік.

Ал 2024 жылы мас күйінде көлік басқарған 31,3 мың өзбекстандық әкімшілік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ, 2024 жылы Өзбекстанда жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тапты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью