Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Кеден комитетінің мәліметіне сай, жалпы импорттың 71,2% (56 832 көлік) электромобильдерге тиесілі. Осылайша, былтыр мұндай темір тұлпарларды сатып алу көрсеткіші екі есе өсіп, оның сомасы 700 млн доллардан асты.
Бұл ретте бензин және гибрид қозғалтқышы бар көліктер импорты 2024 жылғы 32 912-ден 2025 жылы 19 871-ге дейін қысқарды.
Еске салайық, әлемде электромобиль сатылымы 2025 жылы рекордтық 20,7 млн данаға жетті.
Қоса кетейік, былтыр Өзбекстанда 9 226 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 2100-ден астам адам қаза тапты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, 10 рет ереже бұзған өзбекстандықтар енді көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.
Бұған қоса, Өзбекстанда автобус жолағына түскен көлік жүргізушілеріне айыппұл салынуы мүмкін екенін жазып едік.