Былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 5 млрд долларға жуықтады

23.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Өзбекстан Ұлттық статистика комитетінің ақпаратына сай, қаңтар-желтоқсан аралығында елдің сыртқы сауда айналымы 81,2 млрд долларға жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға өсті. Бүгінгі таңда көршілес мемлекет әлемнің 210 елімен сауда-саттық жасайды.

Өзбекстанның негізгі сауда серіктестері көшін Қытай бастап тұр. Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 17,2 млрд доллардан (жалпы көлемнің 21,2%) асты.

Ал сауда-саттықтың 16% Ресейдің үлесіне тиесілі. Бұл елмен арадағы экспорт-импорт көлемі 13 млрд долларға тең.

Сондай-ақ, көшбасшылардың үштігін Қазақстан түйіндейді. Ресми Астана мен Ташкент арасындағы тауар айналымы 4,9 млрд доллардан (6,1%) артық. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 507 млн долларға көп.

Қамтылып отырған кезеңде Өзбекстан Қазақстанға 1,5 млрд доллардың тауарын экспорттап, 3,4 млрд доллардан астам сомаға өнім импорттаған.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Өзбекстанда қазақстандық капиталмен жұмыс істейтін компаниялар қатары көбейді.

Қоса кетсек, былтыр он айда 7 мыңға жуық қазақстандық Өзбекстанда ем алған.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью