Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырушы Вьетнамнан жеткізілді, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Ол әділет министрлігінің "Сот сараптамалары орталығы" РМКҚ- да мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде 2,5 млрд теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырды деген күдіктке ілінген.
Еске салсақ, 2023–2025 жылдарға арналған Есірткіге қарсы іс-қимыл және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында республикалық бюджеттен 10 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.
"Алайда күдікті орталық директоры Р.Сатыбалдиев, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы Д.Искендерова., сондай-ақ "Марк Инвест" ЖШС мен "Direct Services" ЖШС-нің басшысы А.Шинтемировамен сөз байласып, жабдықтардың құнын үш есеге дейін негізсіз көтеру және жалған коммерциялық ұсыныстарды пайдалану арқылы бюджет қаражатын жымқыруды ұйымдастырған", - деп жазылған хабарламада.
Сот үкімімен аталған үш сотталушы кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысының мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
2025 жылдың наурызында ұйымдастырушыға халықаралық іздеу жарияланып, сот санкциясымен оған қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Биылғы жылдың басында ол Вьетнам Социалистік Республикасының аумағында ұсталып, нәтижесінде Қазақстан Республикасына жеткізілді.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.