Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
— Электр энергиясының бөлшек сауда нарығының қолданыстағы моделі аясында нетто тұтынушыларды қоспағанда тұтынушыларға электрмен жабдықтауды электрмен жабдықтаушы ұйымдар көрсетеді. Әлеуметтік маңызы бар объектілер мемлекеттік сатып алу рәсімдері негізінде бірегей жеткізушіден электр энергиясын сатып алу арқылы жүзеге асырады, — деді Роман Скляр.
Оның айтуынша, күн қондырғылары операторынан тікелей электр энергиясын сатып алу мүмкіндігін беруге бағытталған жаңа механизмді енгізу электр энергиясының бөлшек сауда нарығының жұмыс істеу бөлігінде заңнамамыздың ерекшеліктерін ескере отырып, одан әрі жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Осыған байланысты тиісті шешімдер Германияның тәжірибесін қоса алғанда, халықаралық тәжірибені талдау нәтижелері бойынша әзірленеді.
— Өз кезегінде бюджеттік ұйымдар инвесторлардан электр энергиясын сатып алмай күн панельдерін өздері пайдаланған жағдайда оларды неттотұтынушыларға жатқызу ЭСКО механизмін қолдану арқылы мүмкін болады. Аталған механизмді пайдалану қазіргі уақытта үнемделген бюджеттік қаражатты пайдалануды және қайтаруды қоса алғандағы заңнаманың жекелеген ережелерімен шектеледі. Аталған шектеулерді жою мәселелері Мәжілісте қаралып жатқан энергия тиімділігі мәселелері бойынша заң жобасының аясында көзделген. Онда мемлекеттік мекемелерде энергиялық қызмет келісімшарттарын енгізу, сондай-ақ оларды жоспарлау және іске асыру қағидаларын уәкілетті органмен бекіту бойынша нормалар да ұсынылады, — деді бірінші вице-премьер.
Бұған дейін елімізде 2027 жылға қарай электр энергиясына ішкі қажеттілік толық жабылатынын жазған едік.