24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Қаржылық мониторинг агенттігі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан заңсыз ақша шығару дерегі бойынша бірқатар тіс емдеу клиникаларына қатысты тергеп-тексеруді жалғастыруда.
Күдікке ілінгендер өз қызметі үшін қаражаттың 10-нан 20 пайызға дейінгі бөлігін сыйақы ретінде қабылдаған. Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған, жымқырылған сома көлемі 200 млрд теңгеден асады.
Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сонымен қатар жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы 30 млн теңгені құрады.