Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы төлемдері ерлерге – 63 жастан, әйелдерге – 61 жастан бастап тағайындалатынын еске салды.
Қордың хабарлауынша, зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтар төлемдерді уақытында алу үшін тұрғылықты жері бойынша Азаматтарға арналған үкімет ХҚКО-сына зейнеткерлік жасқа 10 күн қалғанда жүгінуіне болады. Бұл жағдайда төлемдер зейнет жасына жеткен күннен бастап есептеледі.
Ал кеш жүгінген жағдайда, өткізіп алған кезең үшін төлемдер жүргізілмейді.
Айта кетейік, ХҚКО-ға өтініш берген кезде мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері бір мезгілде рәсімделеді. Осыған байланысты азаматтарға құжаттарды уақытылы тапсыру ұсынылады.