C5+1 форматындағы жиындардың маңызы қандай?

06.11.2025

24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Соңғы жылдары Орталық Азия мемлекеттері алпауыт елдермен қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтерді. Бұл бағытта C5+1 форматындағы жиындардың рөлі ерекше. Оның кейінгісі былтыр АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен еді. Форматтың кезекті басқосуы Вашингтонда жалғасып жатыр. Жалпы бұған дейінгі саммиттер несімен ерекшеленді?

C5+1 диалогына биыл 10 жыл. Бұл формат 2015 жылы Нью-Йоркте өткен Бас Ассамблеяда құрылған. Алғашқы кездесу сол жылы Барак Обаманың президенттігі тұсында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өткізілді. Жиын C5+1 форматының ресми түрде басталуына негіз болды. Саммитте тараптар қауіпсіздік, экономика және экология бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты. Бұл диалог Орталық Азия елдері үшін АҚШ-пен жүйелі серіктестік орнатудың маңызды қадамы болды.

2017-ші жылы саммит Тәжікстанның Душанбе қаласында ұйымдастырылды. Жиын Орталық Азияның сыртқы істер министрлерінің қатысуынсыз өткен C5+1 форматы бойынша алғашқы кездесу болды. Іс-шара Тәжікстан Ұлттық кітапханасында жүрді. Кездесудің басты назарында өңірлік қауіпсіздік мәселесі тұрды. Тараптар лаңкестікке қарсы бірлескен шараларды талқылап, шетелдік содырлардан төнетін қауіпке қарсы әрекет тақырыптарын талқылады.  

Форматтың кезекті басқосуы 2019 жылы Қазақстанда, еліміздің бас қаласы Астанада өтті. Кездесуде сауда, көлік, инвестиция және қауіпсіздік салаларындағы өзекті мәселелер қарастырылып, аймақтың экономикалық байланысын тереңдету қажеттілігі айтылды. 

2023 жылы Нью-Йорк қаласында өткен саммит C5+1 форматы тарихында алғаш рет мемлекет басшылары деңгейінде ұйымдастырылды. Оған АҚШ Президенті Джо Байден және Орталық Азияның бес елінің президенттері қатысты. Кездесуде энергетикалық қауіпсіздік, «жасыл» технологиялар, цифрлық даму және сирек кездесетін пайдалы қазбаларды өндіру салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Саммит қорытындысы бойынша C5+1 Critical Minerals Dialogue бастамасы іске қосылды. Бұл қадам серіктестікті жаңа стратегиялық деңгейге көтерді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью