Camry, екі пәтер, жалақысы 1,2 миллион: еңбек министрі отбасының табысын жариялады

16.10.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Қазақстанда отбасылардың әл-ауқат деңгейін анықтауға арналған әлеуметтік әл-ауқаттың онлайн-калькуляторын таныстырды. Шенеунік өз табысын жариялап, қай санатқа жататынын тексерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек министрі қай санатқа жатқызылды?

Асқарбек Ертаев 49 жаста екенін және айлық жалақысы 1,2 миллион теңге екенін айтты. Жұбайы жұмыс істемейді, отбасында төрт бала бар. Министрдің Астанада ауданы 100 және 60 шаршы метр болатын екі пәтері, сондай-ақ 2013 жылғы Toyota Camry 50 автокөлігі бар. Министрдің отбасында бизнес пен жер учаскелері жоқ.

Министрдің үлкен ұлы 29 жаста, ол айына 600 мың теңге алады. 23 жастағы ортаншы ұлы ай сайын 400 мың теңге табыс табады. Сондай-ақ шенеуніктің 13 жасар қызы және төрт жасар кенже ұлы бар.

Мәліметтерді онлайн-калькулятор арқылы тексеру кезінде министрдің отбасы B санатына жатқызылды. Яғни, ол жәрдемақылардың басым бөлігіне үміткер бола алмайды.

"Соңғы рет жәрдемақыны төртінші бала туғанда алдық. Бұл 2022 жыл болатын. Содан бері ешқандай жәрдемақы алмаймыз. Егер қандай да бір жәрдемақы алып жүрген болсам, одан бас тартуға дайын болар едім", - деді Асқарбек Ертаев.

Бұған дейін қазақстандықтар табыс деңгейі мен әл-ауқатына қарай бес топқа бөлінетінін жазған едік. Әлеуметтік әл-ауқаттың А, B, C, D және E әріптерімен белгіленетін бес деңгейі енгізілмек. Санат мемлекеттік ақпараттық жүйелерде бар отбасы және оның табысы туралы мәліметтер негізінде анықталады. Ол үшін Отбасының цифрлық картасы да пайдаланылады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью