Чарльстон турнирі: Путинцева жарыстың 1 ракеткасымен триллерге татитын матч өткізді

02.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің бесінші, осы жарыстың бірінші ракеткасы әрі өткен жылғы чемпионы, америкалық Джессика Пегуламен шеберлік байқасты.

Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, бәрінде Пегула жеңген еді. Сонымен қатар ол Путинцеваға бірде-бір сет бермеген еді.

Бұл жолы аса тартысты өткен ойында бірінші партияны Юлия өз есебіне жазды — 6:4.
Екінші сетте Пегула 5:2 есебімен алға кетті. Қазақстандық спортшы есепті қысқартқанымен, одан әріге шамасы келмеді — 4:6.

Үшінші, шешуші партияда Путинцева бірден 2:0 есебімен алға шыққанымен, өзі доп бергенде, мүмкіндіктерін пайдалана алмады — 2:4. Дегенмен Пегула матчқа доп бергенде, Юлия таразы басын теңестірді — 5:5. Алайда содан кейін өз геймін беріп қойды. Ақыры америкалық теннисші өз мүмкіндігін жіберген жоқ — 7:5.

Үш сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсекеде Путинцева 3 эйс, 6 брейкпен (19 брейк-пойнт) көзге түсті. Пегула 3 эйс, 7 брейкпен (19 брейк-пойнт) ерекшеленді. 

Джессика Пегула ширек финалға шығу үшін әлемнің 43-ракеткасы, италиялық Элизабетта Кочареттомен таласады.

Ю.Путинцева дәл осы Э.Кочареттомен бірге Чарльстонда жұптық сында өнер көрсетеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Чарльстон турнирінде Путинцеваның әлемнің 5-ракеткасымен ойнайтынын жазған едік.

Сондай-ақ Жібек Құламбаева Үндістандағы жеңіс сериясын 6 матчқа жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью