Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстан құрамасының ойыншысы Дастан Сәтпаев «Челси» клубы дәрігерлерінің ұсынымы бойынша ұлттық құрама ойындарын өткізіп жібереді.
Жарақатына байланысты Сәтпаев маусым алдындағы «Қайраттың» барлық жиындарын өткізіп алды. Жаңа маусымдағы төрт матчта да бірде-бір рет толық 90 минут ойнаған жоқ.
Дастанның орнына Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов «Оқжетпес» клубының ойыншысы Оралхан Өміртаевты шақырды. Ол жаңа маусымда «Каспийге» қарсы ойында дубль авторы атанған.
«Біз “Челси” клубының медициналық штабы тарапынан Дастан Сәтпаевтың қазіргі жағдайы және наурыздағы халықаралық үзіліс кезінде толық қалпына келуі қажеттігі туралы ұсыным алдық. Қазақстан құрамасының медициналық штабымен талқылап, жағдайды бағалағаннан кейін ойыншыға толық жазылып шығуға мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды», – делінген хабарламада.