Челси Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін

19.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Дастан Сәтпаев жақында «Қайрат» сапындағы қоштасу матчын өткізген болатын. Британдық БАҚ мәліметінше, клубтың бас бапкері Хаби Алонсо Сәтпаевты алдымен жастар командасында сынап көруі мүмкін.

Белгілі ағылшындық спорт журналисі Киран Гиллдің ақпаратынша, «Челси» жаз бойы футболшыны жан-жақты сынақтан өткізеді. Негізгі нұсқалардың бірі ретінде «Страсбургке» жалға беру қарастырылғанымен, Сәтпаев алдымен U-21 құрамында өнер көрсетуі ықтимал.

Ұлттық құрама: Дастан Сәтпаев маусым айында өтетін жолдастық кездесулерде алаңға шыға ма?

Айта кетейік, футболшы Англияға тамыз айында, 18 жасқа толған соң ауысуы керек болған. Алайда «Челси» басшылығы оны алдын ала шақырып, Аустралиядағы маусым алдындағы дайындыққа қатыстыру туралы шешім қабылдады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов Дастан Сәтпаевқа арнайы академиялық грант табыстады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью