Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Лондондық «Челси» маусым алдындағы жолдастық кездесуде Италияның «Миланын» 3:0 есебімен жеңді. Матчта Жоау Педро дубль авторы атанса (45+2, 46), тағы бір голды Мойсес Кайседо 51-минутта соқты. Кездесу барысында екі команда да көптеген ойыншыларды алмастырды.

Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев бұл кездесуде «Челсидің» қосалқы құрамында болғанымен, бас бапкер оған ойын уақытына мүмкіндік берген жоқ. Осылайша қазақстандық футболшы матчты толықтай  орындықта өткізді.

«Челси» Азия турнесін жалғастырады. Команданың келесі жолдастық кездесуі 9 тамыз күні сағат 17:00-де Малайзияның «Джохор» клубына қарсы өтеді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью