Челсиде 9 шабуылшы: Дастан Сәтпаевтың бәсекелестері белгілі болды

14.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: Instagram/Blue Season Daily

«Челси» жайында ақпарат тарататын Blue Season Daily парақшасы Сәтпаевтың бәсекелестерінің тізімін жариялады. Олардың қатарында негізгі құрам ойыншылары – Николас Джексон мен Жоау Педрумен қатар Эммануэль Эмега, Лиам Делап, Давид Фофана, Марк Гиу, Шумайра Меука және Дейвид Вашингтон бар.

Жарияланымда «Өз орныңды тек қажырлы еңбекпен ғана жеңіп аласың» деген ұран келтірілген. Бұл команданың шабуыл шебінде жоғары бәсекелестік күтіп тұрғанын аңғартады.

Дастан Сәтпаев Кобхэмдегі жаттығу базасына 1 шілдеде келіп, маусымалды дайындықты ерте бастаған болатын. Жуырда «Қайрат» футбол клубының президенті Қайрат Боранбаев Дастан Сәтпаевпен кездесіп, оның жақсы физикалық дайындықта екендігін атап өткен еді. 

Дастан Сатпаевтың жейдесі Будапешттегі арнайы көрмеге қойылды

Еске салайық, бұған дейін «Челси» мен «Страсбург» клубтарына таланттарды іріктеуге маманданған Otu lala X парақшасы Сәтпаевты Францияға аттануы мүмкін үміткерлер қатарына қосқан болатын.

Қазір ұлттық құрама шабуылшысы Хаби Алонсоның жетекшілігімен «Челсидің» жаттығу жиындарына қатысып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью