Чемпиондар лигасы: Барселона Ньюкасл Юнайтедті ірі есеппен жеңді

19.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Екінші ойын күнінде Испанияның «Барселона» клубы өз алаңында Англияның «Ньюкасл Юнайтедін» қабылдады. Бірінші ойын 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Сондықтан бұл кездесуде испаниялық клуб жеңіске жетуі тиіс болатын. Ойын барысында олардың қатарынан Рафинья 6, 72, Роберт Левандовски 56, 61, Марк Берналь 18, Ламин Ямаль 45-минутта гол соқса, оған англиялық клубтан Энтони Эланга 15, 28-минуттарда екі голмен жауап қайырды.

18 наурыз

«Бавария» (Германия) - «Аталанта» (Италия) 4:1 (6:1)

«Тоттенхэм Хотспур» (Англия) - «Атлетико Мадрид» (Испания) 3:2 (2:5)

«Ливерпуль» (Англия) - «Галатасарай» (Түркия) 4:0 (0:1)

«Барселона» (Испания) - «Ньюкасл» (Англия) 7:2 (1:1).

Сондай-ақ жарыстың аталған сатысында тағы төрт ойын өткізілген еді.

17 наурыз

«Челси» (Англия) - «Пари Сен-Жермен» (Франция) 0:3 (бірінші ойын 2:5)

«Манчестер Сити» (Англия) - «Реал Мадрид» (Испания) 1:2 (0:3)

«Спортинг Лиссабон» (Португалия) - «Будё-Глимт» (Норвегия) 5:0 (0:3)

«Арсенал» (Англия) - «Байер Леверкузен» (Германия) 2:0(1:1).

Енді ширек финал ойындары 7-8 сәуір күндері болады. Алдымен 7 сәуірде «Спортинг Лиссабон» мен «Арсенал», «Реал Мадрид» пен «Бавария», 8 сәуірде «Пари Сен-Жермен» мен «Ливерпуль», «Барселона» мен «Атлетико Мадрид» кездеседі.

Енді 1/8 финалдың қарымта ойындары 10-11 сәуірде болса, жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда өтеді. Финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью