Чемпиондар лигасы: Қайрат Арсеналға есе жіберді

29.01.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазақстандық жанкүйерлер бұл кездесуді асыға күтті. «Арсенал» әлемдегі ең беделді клубтың бірі ретінде бағаланады. Сондықтан олардың көкейінде алматылық клуб азулы қарсыласына қалай төтеп бере алады деегн сауалдың болғаны рас.

Расында, «Қайрат» алғашқы минуттан толассыз шабуылға тойтарыс беруге тырысты. Дегенмен англиялық команда жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде олардың қатарынан Виктор Дьёкереш 2-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ойынның 7-минутында алматылық клуб таразы басын теңестіруге мүмкіндік алды. «Қайрат» шабуылшысы Жоржиньоны лондондық команда қорғаушылары өз алаңында шалып жықққан еді. Оның өзі пенальтиді мүлтіксіз орындай білді. 

Одан кейін лондондық клубтан Кай Хаверц 15, Габриэл Мартинелли 33-минутта мергендік танытып, басымдықты арттыра түсті.

Екінші кезеңде де англиялық клуб ойын тізгінін өз қолында ұстауға тырысты. Десе де оған «Қайрат» лайықты тойтарыс беріп жатты. Есесіне 93-минутта қазақстандық командадан Рикардиньо есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша алматылық клуб қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Осыған дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті.

Ағылшындық команда жарыс барысында Испанияның «Атлетик Бильбао» (2:0), Грекияның «Олимпиакос» (2:0), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:0), Чехияның «Славия» (3:0), Германияның «Бавария» (3:1), Бельгияның «Брюгге» (3:0), Италияның «Интер» (3:1) клубтарынан басым түсті. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью