Чемпиондар лигасы: Қайрат футбол клубы Англияға аттанып кетті

25.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл кездесу 28 қаңтарда Қазақстан уақытымен 1:00-де «Эмирейтс» стадионында басталады.
«Қайраттың» жеті турдан кейін небәрі бір ұпайы бар. Турнир кестесінде көш соңында келеді.

Осыған дейін негізгі кезеңде «Қайрат» Португалияның «Спортингіне» 1:4, Испанияның «Реал Мадридіне» 0:5, Италияның «Интеріне» 1:2, Грекияның «Олимпиакосына» 0:1, Данияның «Копенгагеніне» 2:3, Бельгияның «Брюггесііне» 1:4 есебімен жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түсті. 

Есесіне турнир кестесінде «Арсенал» жеті турда бірде-бір ұпай жоғалтпай, 21 ұпаймен көш басында келеді. Ағылшындық команда жарыс барысында Испанияның «Атлетик Билбао» (2:0), Грекияның «Олимпиакос» (2:0), Испанияның «Атлетико Мадрид» (4:0), Чехияның «Славия» (3:0), Германияның «Бавария» (3:1), Бельгияның «Брюгге» (3:0), Италияның «Интер» (3:1) клубтарынан басым түсті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью