Чемпиондар лигасы: Қайрат футзал клубы хорватиялық клубтан басым түсті

30.10.2025

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алматылық клуб төртінші топта сынға түседі. Қарсыластары — «Спортинг» (Португалия), «Приштина» (Косово) және «Ново Вриеме» (Хорватия). 

Кездесу барысында алматылық клуб алғашқы минуттан тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Олардың қатарынан Біржан Оразов 8, 9-минутта екі гол соғып үлгерді. Одан кейін 16-минутта қазақстандық команда сапынан Эдсон Сантос мергендік танытты. 

Екінші кезеңде оған хорватиялық клуб екі гол соғып, есеп айырмасын қысқартты.Осылайша алматылық команда алғашқы ойынында қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Енді «Қайрат» 30 қазанда Португалияның «Спортингімен» ойнаса, 1 қарашада косоволық «Приштинамен» алаңға шығады.

Сондай-ақ аталған турнирде тағы бір қазақстандық «Семей» командасы үшінші топта алғашқы ойында «Хрудим» (Чехия) клубын 9:5 есебімен жеңді.
Енді олар 30 қазанда «Этуаль» (Франция), 1 қарашада «Пальма» (Испания) командаларымен шеберлік байқасады.

Әрбір топтан алғашқы үш орынға ие болған командалар турнирдің элиталық кезеңіне жолдама алады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью