Чемпиондар лигасы: Реал Мадрид Манчестер Ситиден басым түсті

18.03.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жарыстың 1/8 финалындағы алғашқы күнгі ойындар арасында жанкүйерлер «Манчестер Сити» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) кездесуіне ерекше қызығушылық білдірді. Бірінші кездесуде испаниялық команда қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірген еді. Сондықтан жанкүйерлер көкейінде «қарымта матчта англиялық клуб қарымта қайтара ала ма» деген сауал тұрған еді. Ойын барысында испаниялық командадан Винисиус Жуниор 22, 93-минутта мергендік танытса, оған «Манчестер Сити» сапынан Эрлинг Холанд 41-минутта жалғыз голмен жауап қайырды. 

Осылайша қарсыласынан 2:1 есебімен басым түскен «Реал Мадрид» ширек финалға жолдама алды. Енді олар ¼ финалда «Бавария» (Германия) мен «Аталанта» (Италия) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

17 наурыз

«Челси» (Англия) — «Пари Сен-Жермен» (Франция) 0:3 (бірінші ойын 2:5)
«Манчестер Сити» (Англия) — «Реал Мадрид» (Испания) 1:2 (0:3)
«Спортинг Лиссабон» (Португалия) — «Будё-Глимт» (Норвегия) 5:0 (0:3)
«Арсенал» (Англия) — «Байер Леверкузен» (Германия) 2:0(1:1)
Жарыстың бұл сатысындағы төрт ойын бүгін, 18 наурызда жалғасады.

18 наурыз

«Бавария» (Германия) — «Аталанта» (Италия) (6:1)
«Тоттенхэм Хотспур» (Англия) — «Атлетико Мадрид» (Испания) (2:5)
«Ливерпуль» (Англия) — «Галатасарай» (Түркия) (0:1)
«Барселона» (Испания) — «Ньюкасл» (Англия) (1:1).

Бұл күнгі ойындардың арасынан Қазақстан уақытымен 22:35–те «Барселона» (Испания) — «Ньюкасл» (Англия), 00:50–де «Ливерпуль» (Англия) — «Галатасарай» (Түркия) ойындары «Qazsport», «Тоттенхэм Хотспур» (Англия) — «Атлетико Мадрид» (Испания) кездесуі «Qazaqstan» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Енді 1/8 финал ойындары 10-11, 17-18 наурыз күндері өткізілсе, ¼ финал 7-8, 14-15 сәуір күндеріне белгіленген.

Жартылай финал 28-29 сәуір және 5-6 мамырда болса, финал 30 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Пушкаш-Арена» стадионында өткізіледі.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью